Тарихи жырлардың тілдік ерекшеліктері
Қаралымдар: 270 / PDF жүктеулері: 95
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-131-2-135-142Кілт сөздер:
тарихи жыр, кірме сөздер, диалектизм, говор, архаизм, дыбыс алмасулар, ауызекі тілі сөйлеу элементтеріАңдатпа
Қазақ халық ауыз әдебиетінің ең көлемді жанрларының бірі – эпоста кірме
сөздер, көнерген сөздер мен түрлі тілдік элементтер жиі қолданылады. Олар белгілі бір
дәуірдің тұрмыс-тіршілігін, сол кездегі дүниетанымды, ой-сананы, ұлттық болмысымызды дәл таныта алады. Мақалада тарихи жырлардың кейбір нұсқаларында, соның ішінде,
«Барақ батыр, Абылай», «Базар батыр», «Мырзаш батыр», «Тобағұл батыр» жырларында
көптеп кездесетін араб, парсы, орыс тілдері сөздерінің қолдану сипатына ғылыми тұрғыда
талдау жасалып, нақты мысалдар негізінде дәлелденеді. Жырлардағы оқырман қауым үшін
мағынасы түсініксіздеу араб, парсы тілдерінен енген кірме сөздерге немесе диалектизм,
говор, архаизм, тіпті, дыбыс алмасулар мен ауызекі сөйлеу тілі элементтеріне түсіндірме
беріліп, олардың мағыналық, этимологиялық даму ерекшеліктері, қолданылу мақсаты айқындалады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




