Сыр өңірі ақын-жыраулары поэзиясындағы философиялық дүниетаным және педагогикалық ой-пікірлер


Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 85

Авторлар

  • А.Т. Тулебаева Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
  • Н. Йылдыз

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-192-198

Кілт сөздер:

ақын, жырау, Сыр өңірі, нақыл, ғақлия, өсиет, философиялық дүниетаным, педагогикалық көзқарастар, ұлттық мінез, дәстүр

Аңдатпа

Мақалада Сыр өңірі ақын-жыраулары поэзиясындағы философиялық дүниетаным және педагогикалық ой-пікірлер талданады. Сыр өңірі ақын-жыраулары өздерінің нақыл, ғақлия, өсиет өлеңдерінде білімді ұлтты қалыптастырудың жолын көрсететін педагогикалық көзқарастарын да білдіреді.

Әрбiр ұлттың өзiндiк ерекшелiктерi, ұлттық мiнезi, моральдық нормалары, әдет-ғұрыптары, рәсiмдерi, дәстүрлерi мен өмiр сүру салты бар. Әр ұлттың жүздеген жылдар бойы қалыптасқан өз мәдениетi бар, ол өмiрде тамыр жайып, халықтың өмiр сүру дағдысы мен бiлiм беру үдерiсiне сөзсiз әсер етедi. Ал сол ұлттың ұрпағын прогрессивтi дәстүрлер мен озық моральдық рухта тәрбиелеуге, оны жақсы қасиеттерге баулуда халықтың бай әдет-ғұрыптарын өмiрге енгiзуге ұмтылу – заңдылық әрi көрегендiк.

Қоғамның дамуымен, әлеуметтiк қатынастармен, бiлiм мен тәрбие жұмысында соны, кейде өте күрделi мiндеттер туындайды. Қоғам дамуының әр кезеңiнде отбасы, мектеп және басқа да бiлiм беру мекемелерiнiң алдына жаңа мiндеттер қойылады. Мақалада қазiргi кезеңдегi тәрбие жұмысының осы ерекшелiктерi адамдар, әсiресе, жастардың ақыл-ойына әсер етудiң неғұрлым озық және тиiмдi жолдарын табу жайы сөз етіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-05-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тулебаева, А., & Йылдыз N. (2023). Сыр өңірі ақын-жыраулары поэзиясындағы философиялық дүниетаным және педагогикалық ой-пікірлер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 142(1), 192–198. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-192-198

Журналдың саны

Бөлім

Статьи